Новости

kids read

Вторник, 01 Декабрь 2015   |   Прочитано 700 раз

«Айналайын бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын меңгерушісі Дуйсебаева Мунира Кулымбетовна «Мастерство без границ» атты байқауына қатысып отыр

«Айналайын бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын меңгерушісі Дуйсебаева Мунира Кулымбетовна Санкт-Петербург қаласындағы «Северная столица ақпараттық-білім беру орталығының ұйымдастырған мектепке дейінгі мекеме мамандарының Бірінші Халықаралық «Мастерство без границ» (Шеберліктің шекарасы жоқ) атты байқауына қатысып отыр. Байқауға ТМД елдерінің  барлығынан мектепке дейінгі ұйым мамандары қатыспақшы. Байқау 2015 жылдың 1 желтоқсаны- 2016 жылдың 1 маусымы аралығында өтеді  және 4 кезеңнен тұрады.

1-кезең- қатысушыларды тіркеу;

2- кезең-  «Я люблю свою работу» (Мен өз жұмысымды жақсы көремін) презентация материалдарын жолдау;

3- кезең- «В ДОО-саде праздник!» (Балабақшада мереке) берілген тақырып бойынша тапсырмаларды орындау;

4-кезең – «Добро пожаловать» (Қош келдіңіздер) тапсырмаларды орындау.

Бүгінгі уақытқа дейін екі кезеңнен өтіп,3 кезеңнің тапсырмасын орындау үстінде.Осы байқауға қатысу барысында Ресейлік әріптестер тарапынан қызығушылық танытып, «Айналайын бөбекжайы» бүлдіршіндері мен Санкт Петербург қаласындағы№32 балабақша бүлдіршіндері видео скайп арқылы байланыс орнатпақшы. Біздің бүлдіршіндеріміз  «Менің Отаным-Қазақстан» , «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Менің туған өлкем» тақырыбында материалдар дайындап көрсетпекші.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар