Новости

kids read

Суббота, 19 Февраль 2022   |   Прочитано 178 раз

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті «Көкшоқы» мөлтек ауданы  Ә.Палымбетов көшесі №5 құрылысында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжай-бақшасы»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны   2022 жыл 01 наурыз - 2023 жыл 01 наурыз аралығындағы уақытша 2 (екі) бос тәрбиеші лауазымының орнына конкурс жариялайды

☎: 8(72432)25240, 8(72432)25242;

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

      тиісті бейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болуы тиіс.

      педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі керек:

      Үлгілік бағдарламаның мазмұны мен құрылымын білу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдіснамасын білу;

      жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру мен оқытуға жеке көзқарас жүргізу;

      бірлескен перспективалық жоспар мен циклограмма жасау;

      оқушылардың білім, білік және дағдыларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты деңгейінен төмен болмауын қамтамасыз ету;

      ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен қарым-қатынас жасау;

      әдістемелік жұмыстарға қатысуға; балалардың дамуын диагностикалау; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгереді, сандық білім беру ресурстарын қолданады.

Лауазымдық міндеттері:

-         Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.

-         Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді.

-         Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.

-         Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.

-         Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.

-         Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

-         Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.

-         Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

-         Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне және біліміне қарай (экологиялық және ауылдық коэффициентті қоспағанда) 102819-109013 теңге аралығы

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) ҚР Білім және ғылым министрінің "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" №57 бұйрығының 10- қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

  3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) ҚР Білім және ғылым министрінің "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" №57 бұйрығының  11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жариялағаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде (25 ақпан сағ. 18-00-ге дейін) «Қызылорда облысының білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжай-бақшасы»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында қабылданады.

Конкурс 2022 жылғы 28 ақпан күні «Қызылорда облысының білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжай-бақшасы»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында өткізіледі.

Конкурс жайлы қосымша ақпаратты жоғарыда көрсетілген байланыс телефондары арқылы білуге болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар