Новости

kids read

Среда, 25 Январь 2017   |   Прочитано 702 раз

«Қошақан», «Балғын бөбек» ІІ кіші топтарымен қысқы спорттық сайыс өткізілді

2017 жылдың 25 қаңтар күні «Қошақан», «Балғын бөбек» ІІ кіші топтарымен қысқы спорттық сайыс өткізілді. Балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген бұл спорттық сайыс өте қызықты болып өтті. Спорттық ойын 4 түрлі ойындардан құралды: "Жүгіріп барып келу", «Кім жылдам», «Дәлдеп тигізу», «Кім шапшаң». Сайыс кезеңдеріндегі ойындар  жас ерекшелігіне сай таңдалған,балалар өте белсенділік танытты. Ойын соңында топтарға «Белсенді топ», «Жүйріктер» номинациясы берілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар