Новости

kids read

Пятница, 29 Декабрь 2023   |   Прочитано 50 раз

Орта-үшінші педагог

"Орта-үшінші педагог" жобасы аясында топ тәрбиешілері "Менің тобымдағы заттық дамытушы орта" тақырыбында жоба қорғады. Топта қолайлы, қолжетімді және қауіпсіз ортаны ұйымдастыру үшін жүргізілетін жұмыстардың барысымен топ тәрбиешілері таныстырылым жасады. Таныстырылым барысында меңгеруші Мунира Кулымбетовна ойын аймағы мен қызығушылығы бойынша аймақтарды ұйымдастыруда мән беретін жағдайлар бойынша ұсыныстар айтты.

Балабақша әдіскері И.Тоқсанбаева "Сөйлейтін қабырға технологиясы"-бұл заттық дамытушы орта құрудағы тиімді құрал"тақырыбында кеңес берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар