Новости

kids read

Пятница, 29 Декабрь 2023   |   Прочитано 32 раз

Сәлеметсіз бе, сіз балабақшаға келдіңіз!

Бүгін балабақшада жыл сайын ата-аналар үшін ұйымдастырылатын «Ашық есік күні» өткізілді. Биылғы жылғы ашық есік күнінің ерекшелігі ата-аналар заттық дамытушы ортаның бала дамуындағы рөлі мен ойынның маңызы жайлы толығырақ танысты. Таңертеңгі жаттығудан бастап балаларымен бірге болған ата-аналар балабақшаның бір күндік тыныс тіршілігін бірге өткізді. Сүйкімді бүлдіршідеріміз де топтағы ұйымдастырылған заттық дамытушы ортадағы қызығатын аймақтарын ата-аналарына көрсетіп мәз болысты. Бірі асханада шәй ішуге, туған күнді бірге атап өтуге шақырса, екіншісі дүкеннен тәттілер ұсынды, тағы бірі сән салонында анасының шашын әсемдеді, тіпті оқшаулану бұрышында анасымен сүйікті кітабын қарады. Ашық есік күні барысында:

Ата-аналар режимді кезеңнің барылығында балаларымен бірге болып топтың жұмысымен танысты;

Жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, балабақша меңгерушісі Мунира Кулымбетовна ағымдағы оқу жылының мақсат, міндеттерімен және билығы оқу жылынан бастап балабақша жүзеге асыратын «Орта-үшінші педагог» жобасымен таныстырды. Сұрақ-жауап алмасты.

Одан кейін балабақшаға жаңадан келген балалардың ата-аналарына балабақшаны таныстыру саяхаты жүргізілді. Саяхат барысында ата-аналар балабақша дәліздеріндегі ойын бұрыштарын, спорт залын, медициналық бөлікті, сенсорлық зонаны, бассейнді, Монтессори топтарының жұмысын тамашалады. Сондай-ақ, балалармен жүргізілетін дәрумендітерапия, емдік терапия жайлы айтылды.

Ашық есік күні аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарымен «Біз біргеміз!» атты тимбилдинг ұйымдастырылды. Балабақша психологы Зоя Ашимова мен Биім Құндызай түзете дамыту бағытындағы жүргізілетін жұмыстардың барысын түсіндіріп, бейнеролик ұсынды. Балалармен жасалатын АФК жұмыстарының маңызына тоқталды.

Бүгін бізбен бірге болған ата-аналар балаларының балабақшадағы бір күнімен танысып толық мағлұмат алды деп ойлаймыз. Серіктестігіміз арта берсін! Бізге сенім білдіргені үшін ата-аналарға Алғыс білдіреміз!

 

1

1

1

1

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар