Новости

kids read

Суббота, 12 Март 2016   |   Прочитано 681 раз

«Айналайын бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында ата-аналар конференциясы ұйымдастырылды

2016 жылдың 12 наурызында «Айналайын бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында  дәстүрлі түрде өткізілетін тағы бір ата-аналар конференциясы ұйымдастырылды. Конференция тақырыбы «Қзіргі заманғы мектепке дейінгі тәрбиенің мазмұны» деп аталады. Бұл конференцияға барлық топтағы тәрбиеленушілердің ата-аналары қатысты. Конференция барысында балабақша меңгерушісі  Мунира Кулымбетовна бүгінгі таңда мектепке дейінгі мекеме алдындағы міндеттер,оны іске асыру барысындағы жаңа әдіс тәсілдер жайлы айтып өтсе, мекеме әдіскері Индира Тоқсанбаева балабақшада қолданылып келе жатқан жаңа педагогикалық технологияларға тоқталды.

Балабақша тәрбиешілері  «Тәй-тәй» технологиясы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарымен,топтың дамытушы орталықтарындағы ерекшеліктерімен таныстырды, сондай-ақ жобалау технологиясы бойынша жүргізілген жұмыстардың материалдарынан көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар ата-аналарға В.Воскобовичтің, Ф.Фребельдің дамытушы ойындары бойынша практикумдар өткізілді.Ата-аналарды  баланы жан-жақты дамытатын, ойнай отырып оқытатын  материалдар қызықтырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар