Новости

kids read

Пятница, 28 Апрель 2017   |   Прочитано 538 раз

«Көңіл-күй калейдоскопы» тақырыбында писхологиялық саулық апталығы болып өтті

«Айналайын бөбекжайы» КМҚК-да 24-28 сәуір аралығында «Көңіл-күй калейдоскопы» тақырыбында писхологиялық саулық апталығы болып өтті. Жұмыс жоспарына сәйкес, «Психикалық саулық күні», «Өзара түсінісу күні», «Жанұялық жан саулық күні», «Интеллектуалдық саулық күні», «Физикалық саулық күні» аталып, түрлі бағытта жұмыс түрлері жүргізілді. Тәрбиешілермен, ата-аналармен, балалармен жүргізілген әр түрлі жұмыс түрлері арқылы психолог Ашимова З. өз жұмысын өте жоғары деңгейде көрсете алды. Балабақша қызметкерлері мен бүлдіршіндер арасында психологиялық ағартушылық түзете дамыту жұмыстарын жүргізу, психологиялық ахуалды жақсарту, педагогтар арасында жақсы қарым-қатынас орнату мақсатында жүргізілген жұмыстар жақсы таңдалып, өз нәтижесін көрсете алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар