Новости

kids read

Суббота, 22 Апрель 2017   |   Прочитано 814 раз

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары-қазақстандық патриотизм негізі

Осы тақырыпта 17-22 сәуір аралығында ІҮ әдістемелік аймақтық топқа жетекшілік жасайтын «Айналайын бөбекжайы» КМҚК базасында осы аймаққа қатысты балабақшалардың педагогтары  арасында шығармашылық  апталық ұйымдастырылды. Апталықтың мақсаты: «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісінің құндылықтары негізінде мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыру. Шығармашылық апталықтың ашылу салтанаты «Айналайын бөбекжйы» КМҚК тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарлама ұйымдастыруымен өткізілді. Одан ары қарай апталықтың ережесіне сәйкес музыка жетекшісі мен тәрбиешілердің кіріктірілген оқу  қызметтерінің фестиваліне, медбике мен дене шынықтыру нұсқушысының денсаулық сақтау технологиясы бойынша бірлескен шарасына ұласты. Сонымен қатар апталықтың соңғы күнінде тәрбиешілер шығармашылығы бойынша «Инновациялық идея» көрмесі, «Ақпарат айнасы» аттты тақырыптық газеттер шығарылды, «Ең үздік» балалар шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды.  Үздік жұмыстар анықталып, апталықтың облыстық кезеңіне ұсынылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар