Новости

kids read

Пятница, 25 Март 2016   |   Прочитано 473 раз

ІV әдістемелік аймақтық топтың жұмыс жоспарына сәйкес «Айналайын бөбекжайы» КМҚК-да «Жүрегімнің жылуы балаларға » атты тәрбиешілер байқауы түрінде іс шара өткізілді.

2016 жылдың 25 наурызында  ІV әдістемелік аймақтық топтың жұмыс жоспарына сәйкес «Айналайын бөбекжайы» КМҚК-да  «Жүрегімнің жылуы балаларға » атты тәрбиешілер байқауы түрінде іс шара өткізілді. Іс шараға аймаққа қарасты 14 балабақшаның әдіскерлері,меңгерушілері,тәрбиешілері келді. Іс шара барысында  «Мен өз жұмысымды жақсы көремін...» атты балабқша жұмысы жайлы фильм-презентация, «Педагогтармен жүргізілетін жұмыс түрлері» тақырыбында презентациялар көрсетілді.Тәрбиешілер байқауы- педагогтармен жүргізілетін жұмыстың бір түрі ретінде ұйымдастырылды. Байқауға осы балабақшаның бес тәрбиешісі қатысып, «Өнерлі ханшайым», «Сымбатты ханшайым», «Тапқыр ханшайым», «Шығармашыл ханшайым», «Мейірімді ханшайым» номинацияларымен марапатталды. Байқау барысы ертегі желісі бойынша жүріп отырды. Соңында қатысушылар өз пікрлері мен лебіздерін «Жылы лебіздер» тақтасына жазып  қалдырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар