Новости

kids read

Воскресенье, 15 Октябрь 2017   |   Прочитано 1203 раз

«Айналайын бөбекжайы» КМҚК-да «Таза қол» негіздерін оқып-үйрету,түсіндіру мақсатында «Таза қол-денсаулық кепілі» атты акция өткізілді.

Балабақшадағы  «Таза қол» негіздерін оқып-үйрету, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес 15 қазан  Дүниежүзілік таза қол күніне арналған  «Таза қол-денсаулық кепілі» атты акция ұйымдастырылды. Акция мақсаты: Қолды жуудың тиімділігін,салаутты өмір салтын насихаттай отырып балалар арасында жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

-          Балалардың өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту;

-          Аурудың алдын алу жайлы білімдерін кеңейту;

-          Қол жуудың тиімділігін түсіндіру арқылы насихаттау;

-          Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы қызығушылығын арттыру.

Акция 3 кезеңнен тұрады. Дайындық кезеңі,жүзеге асыру кезеңі, қорытынды кезеңі.акция барысында төмендегідей іс әрекеттер жүргізілді.

-          «Таза қол-денсаулық кепілі» атты парақшаларды дайындауға қатыстыру

Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтауды насихаттау.

-          «Сабын не үшін қажет,оның жасалуы» тәжірибе жасау арқылы сабынды дайындау.

Мақсаты: тазалық жайлы білімдерін кеңейте отырып, танымдық қызығушылығын арттыру.

- «Тазалық үшін не қажет?» дидактикалық ойындар ұйымдастыру.

-  Әр топтың ұран сөздерін дайындау

- Тазалық,денсаулық жайлы тақпақтар мен мақал-мәтелдер жаттату.

- «Балаларға қол жууды қалай үйретуге болады?» ата-аналар үшін жиналмалы буклеттер мен кітапшалар дайындау

- «Тазалықтың досы,сабын деген осы» ересек топ тәрбиеленушілерінің кіші топтардағы түсіндірме жұмыстарын жүргізуі.

- «Біз тазалықты сүйеміз» атты балабақша тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің бірлескен іс шарасы.

  -   «Таза қол-денсаулық кепілі» атты парақшаларды тарату.

Акцияға тәрбиеленушілер мен  қызметкерлер қызығушылықпен қатысты.

КМҚК   әдіскері:                                                                         И.Тоқсанбаева

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар