Новости

kids read

Среда, 22 Ноябрь 2017   |   Прочитано 1079 раз

«Көшбасшы әдіскер,креативті тәрбиеші,дарынды бала» атты шығармашылық апталықтың ІІ кезеңі өтті

2017 жылдың қараша айының 22-де Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Алтын ұя» балабақшасының базасында «Көшбасшы әдіскер,креативті тәрбиеші,дарынды бала» атты шығармашылық апталықтың ІІ кезеңі өтті. Осы шығармашылық апталыққа «Айналайын бөбекжайы» КМҚК-нан  әдіскер И.Тоқсанбаева, тәрбиешілер Абдрахманова Т,Ташенова М, «Золотой ключик» тобының тәрбиеленушісі Ғабитқызы Айшуақ қатысты. Шығармашылық апталық төрт бөлімнен тұрады.

І. «Мен көшбасшы әдіскермін» Tedx форматында жаңа идеяларды қорғау.

ІІ. «Мен креативті тәрбиешімін» Start  up идеялар жәрмеңкесі.

ІІІ. «Мен дарынды баламын» Балапан News форматында дарынды балдар катингісі өткізілді.

ІҮ. «Шығармашылықтың шексіз әлемі» атты дидактикалық материалдар көрмесі.

І бөлімге балабақша әдіскері И.Тоқсанбаева қатысып, «Мектепке дейінгі ұйымдарда әлеуметтік акцияларды өткізу-балалардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың тиімді түрі» тақырыбында идеясын қорғады. ІІ бөлімде Абдрахманова Таңшолпан «Қызықты ертегілердегі ақылды ойындар» тақырыбында В.Воскобовичтің дамытушы материалдары арқылы жеке баламен жұмысты көрсетті. ІІІ бөлімде Ғабитқызы Айшуақ «Айналайын news» бағдарламасын ұсынды. ІҮ бөлімде тәрбиеші Ташенова Майра дидактикалық материалдармен таныстырды. Шығармашылық апталықтың қорытындысы бойынша  әдіскер И.Тоқсанбаева, тәрбиешілер Абдрахманова Т, «Золотой ключик» тобының тәрбиеленушісі Ғабитқызы Айшуақ облыстық шығармашылық апталыққа қатысқаны үшін сертификат алды. Бұл шығармашылық апталық тәрбиешілердің кәсіби шығармашылығын шыңдауға, балалардың жан-жақты дамуына үлкен ықпал жасады.

КМҚК  әдіскері:                                                  И.Тоқсанбаева

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар