Новости

kids read

Четверг, 15 Сентябрь 2016   |   Прочитано 858 раз

«Тілге құрмет – елге құрмет» атты апталық өткізілді

Балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес 2016 жылдың қыркүйек айының 15-23 аралығында тілдер мерекесіне орай «Тілге құрмет – елге құрмет» атты апталық өткізілді. Апталық барысында төмендегідей іс-шаралар жүргізілді:

-«Қошақан», «Балғын бөбек» ІІ кіші топтарында «Менің қалам» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі;

- «Ягодка», «Познайка» топтарында ата-аналармен бірлескен  «Тапқыр достар» сайысы;

- «Айгөлек», «Жұлдыздар», «Болашақ» ортаңғы топтарында «Өнер алды қызыл тіл» атты интеллектуалды ойындар;

- «Балдәурен», «Золотой ключик» ересек топтарында «Өлең – сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу.

«Тілге құрмет - елге құрмет» әдеби-музыкалық іс-шарамен қорытындыланды. Апталық барысында балалар тілдер мерекесі жайлы көп мәлімет алып, қазақ тілінің маңыздылығын ұғынды. Педагогтар жаңа инновациялық технологиялар қолданып, бүлдіршіндер үш тілде өлең шумақтарын оқыды. Барлық іс-шаралар жас ерекшелігіне сай, өз деңгейінде өтті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар