Новости

kids read

Понедельник, 09 Апрель 2018   |   Прочитано 592 раз

«Сезім мен шығармашылық әлемі» жобасы

2018 жылдың 15-25 қаңтар аралығында балабақша жоспарына сай «Сезім мен шығармашылық әлемі» атты жоба жүргізілді. Жоба балалардың бойында сезім түсінігін қалыптастыру, эмоционалды-ерік сферасының үйлесімділігін дамыту,шығармашылығын дамыта отырып, қолайлы эмоционалды жағдай орнату мақсатында өткізілді. Сондай-ақ топта қолайлы эмоционалды жағдай орнату, балаларды өзінің ғана емес басқалардың да сезімін түсінуге үйрету, бала қиялы мен шығармашылығын дамытуға еркіндік беруге баулу болатын. Жоба аясында төмендегідей іс шаралар өткізілді:

  •           Топта қолайлы эмоционалды жағдай орнату мақсатында барлық топта «Көңіл күй бұрышы» жасалды.
  •          «Қошақан», «Балғын бөбек», «Құлыншақ» ІІ кіші топтарда «Көңіл күй үйшігі» атты ойын-жаттығуы жүргізілді. Балаларды өзінің ғана емес басқалардың да сезімін түсінуге үйрету мақсатында ұйымдастырылды.
  •           «Балапан», «Қонжықтар» І кіші тобында жағымды қарым-қатынас орнатуға арналған ырғақты қимылды ойындар. Бұл ойындар Музыка жетекшісімен бірлесе өткізілді.
  •           «Золотой ключик», «Балдаурен» ересек топтарында көңіл-күйге арналған ертегі терапиясы жүргізілді. «Балдаурен» тобында «Айсұлудың қорқынышты жеңуі» тақырыбында ертегі терапиясы өткізілді.
  •           «Көңілді смайликтер» тақырыбында балалардың шығармашылығын дамыту олардың дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдануына еркіндік беру мақсатында шығармашылық жұмыстар жүргізілді.
  •           ІІ кіші,ортаңғы және ересек топтармен «Біз көңілді баламыз» атты «Денсаулық» күні өткізілді.
  •           Бала қиялын дамыту мақсатында ортаңғы және ересек топтарда «Менің алғашқы ертегім» атты бала қиялынан туындаған алғашқы ертегі кітаптары жинақталды.
  • Жобаның өнімі : топтағы «Көңіл-күй» бұрыштары, ертегі кітаптары,шығармашылық жұмыстар.
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар