Новости

kids read

Понедельник, 09 Апрель 2018   |   Прочитано 599 раз

«Қош келдің әз Наурыз!» жобасы

Ұлыстың ұлы күніне орай «Айналайын бөбекжайында» «Қош келдің әз Наурыз!» жобасы жүзеге асырылды. Қазақ халқының төл мерекесі, жыл басы-Наурыз мерекесі, ұлттық ойындар, наурыз көже жайлы толық мағлұмат беруді көздеген бұл жоба аясында бірқатар іс-шаралар жүргізілді.

І кіші топ тәрбиешілері көктем мезгілі жайлы арнайы дайындалған лэпбуктармен балаларды жақынырақ таныстырып,көктем мезгілінің ерекшеліктері жайлы балалармен жеке-жеке жұмыс жасады. Ортаңғы және ересек топ ата-аналары мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Толағай» отбасылық сайысы болып өтті. Ұлттық ойындар сайысын дене тәрбиесі нұсқаушысы Ибадулла А. жүргізді. Ойын барысында халқымыздың көптеген ұлттық ойындары қамтылды. Әр ойынның басында жүргізуші ұлттық ойынның мақсатын, ерекшелігін түсіндіріп отырды.Ата-аналарымен бірге сайысқа түскен балалар жеңіске жету үшін барын салды. Ойын соңында әр отбасы түрлі номинациялармен марапатталды.

ІІ кіші топ тәрбиеленушілері үшін «Наурыз» мерекесі, «Наурыз көже» жайлы суреттер топтамасы бойынша әңгіме жүргізілді. Суреттерге қарап, балалар да өз ойларын айтып, мәтін құрай білді.

Балабақша әдіскері Тоқсанбаева И., музыка жетекшісі Утеулиева Ж. Және ортаңғы, ересек топ тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Атам,әжем және мен,өнерліміз шетінен» атты отбасылық сайыс өткізілді. Сайысқа бірнеше отбасы ата,әжелері немерелерімен қатысты. Қатысушылар әр бөлімде түрлі сынақтардан өтіп, өз отбасының намысын қорғай білді. Белсенділік танытқан, озып алға шыққан отбасылар арнайы алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

Жоба «Қош келдің әз Наурыз!» атты концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Концертте барлық топтың бүлдіршіндері өз өнерлерін ортаға салды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар