Новости

kids read

Суббота, 03 Ноябрь 2018   |   Прочитано 670 раз

«Ашық есік күні»

7 қыркүйек күні жылдағы дәстүр бойынша «Айналайын бөбекжайында» ата-аналар үшін «Жүректен жүрекке» атты ашық есік күні болып өтті. Ата-аналар таңертеңгі қабылдаудан бастап кешке дейін балабақшаның бір күндік өмірімен танысуға мүмкіндік алды. Ашық есік күніне келген ата-аналар таңертеңгілік жаттығуға қатысып, өз балаларымен бірге таңғы жаттығуларды орындады. Одан кейін таңғы ас ішкендерін бақылап, гигиеналық шараларды орындауларын бақылады. Әр топтың кестесіне сәйкес өтілген түрлі оқу қызметтеріне қатысты. Педагогтар оқу қызметтері барысында түрлі инновациялық технологияларды қолданды. Ата-аналар балаларының оқу қызметіндегі белсенділіктерін, өз-өздерін ұстауын, қызығушылықтарын, тәртібін бақылады. Оқу қызметтері аяқталған соң, меңгерушімен бірге балабақшаға экскурсия жасалды. Осыдан кейін балабақша тәрбиеленушілері мен тәрбиешілерінің бірлескен «Біз бақытты баламыз» атты концерттік бағдарламасы тамашаланды. Концерт соңында балабақша меңгерушісі Мунира Құлымбетқызы ата-аналарды жаңа оқу жылындағы балабақшаның жұмыс бағытымен таныстырды, сұрақ-жауап алмасты. Ары қарай ата-аналар күн тәртібіне сәйкес уақытты балаларымен бірге өткізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар