Новости

kids read

Четверг, 20 Октябрь 2016   |   Прочитано 614 раз

Eресектер топтарында үрдіс бойынша жылда өтетін «Берекелі алтын күз» ертеңгіліктері өткізілді

2016 жылдың қазан-қараша айының аралығында ІІ кіші, ортаңғы, ересектер топтарында үрдіс бойынша жылда өтетін «Берекелі алтын күз» ертеңгіліктері өткізілді. Ертеңгіліктердің барлығы бір-бірінен тақырыбымен, сценарий мазмұнымен, балалардың мерекелік костюмімен, ғажайып сәттегі кейіпкерлерімен ерекшелінді. Атап айтсақ, «Болашақ» Монтессори тобы     20 қазан күні «Күзгі бақтағы қызықтар» тақырыбында өтті. Ертеңгілік тақырып аясында өте жүйелі құрылып, сайыс түрінде жүргізілді. Ғажайып сәтке келген  Күз ханшайымы, сауысқан  мерекенің шырайын аша түсіп, балаларда мерекелік көңіл-күй өте жоғары деңгейде болды. «Балғын бөбек» ІІ кіші тобының тәрбиешілері мен музыка жетекшілері бірлесе ұйымдасқан «Сиқырлы алтын күз» атты ертеңгілік те өте қызықты болды. Мереке барысында «Жау-жау жаңбыр», «Апорт деген тәтті алма» әндері, «Қолшатыр», «Жапырақтар» хороводтары орындалып, әдеби монтаждар оқылды. Балалар «Көкөніс пен жемісті ажырат» қимылдық-танымды ойынын қызыға ойнады. Күз мерекесіне орай өтілген барлық ертеңгіліктер өте қызықты өтті.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар