Новости

kids read

Пятница, 18 Ноябрь 2016   |   Прочитано 686 раз

Ересек топтар арасында «Балалар әдебиеті әлеміне саяхат» атты әдеби кеш өткізілді

2016 жылдың 18 қараша күні ересек топтарда  «Балалар әдебиеті әлеміне саяхат» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: балалар ақындарымен және олардың өлеңдерімен таныстыру, мәлімет беру, қызығушылықтарын арттыру. Балаларды ақындардың суретін көрсетіп ой қозғау сала отырып, поэзия әлеміне ендірді. Бүлдіршіндер өздеріне таныс авторлардың өлең шумақтарын айтты. Арасында қимылды ойын ойнатты. Сонымен қатар, ертегілер жайлы да білімдерін байқап, үнтаспа арқылы ертегілер тыңдатып, қай ертегілерден үзінді екенін балалар тапты. Мәнерлеп өлең оқыған балаларды мадақтап, марапаттау рәсімімен кеш аяқталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар