Новости

kids read

Среда, 03 Июль 2019   |   Прочитано 904 раз

Қош келдің жайдарлы жаз!

Жаз мезгілі- өзінің ерекшелігімен әр балаға жақсы көңіл күй сыйлайтын мезгіл.Жазғы мезгілде бала ағзасын шынықтыруға, баланың эмоционалды, тұлғалық,танымдық дамуына ықпал ететін жағдайды қамтамасыз ету әрбір мектепке дейінгі ұйымның міндеті болып табылады. Жаздың әр күнін қызықты етіп ұйымдастыру үшін түрлі жұмыс түрлері қолданылады. Осы бағытта «Айналайын бөбекжай-бақша» КМҚК-да «Қош келдің жайдарлы жаз!» атты ойын-сауық ұйымдастырылды. Ойын-сауық барысында балалар өздерінің сүйікті мультфильм кейіпкерлері Маша мен аюды қарсы алып, олармен қызықты ойындар ойнап, ән салып, би биледі. Маша мен аюдың қорабынан шыққан гүлдердің тапсырмаларын орындады. Осылайша балалар өздерінің өнерлі, білімпаз, тапқыр екендіктерін көрсетті.Маша мен аю кейіпкерлері жаз бойы балалармен бірге болатынын айтып, оларды қуантып қойды. Ойын-сауық соңы көңлді би алаңына ұласты. Міне,осылай балабақша бүлдіршіндері жаз мезгілін көңілді қарсы алып, әр күнді қызықты өткізуге дайын екендіктерін көрсете білді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар