Новости

kids read

Среда, 03 Июль 2019   |   Прочитано 664 раз

Ертегілер еліне жазғы саяхат

Жайма шуақ жаздың тағы бір күні ертегілер еліне саяхатпен ұласты. Балабақшада «Ертегілер еліне жазғы саяхат» тақырыбында ойын-сауық ұйымдастырылды. Балалар ертегі кейіпкері Қызыл телпекпен ертегілер әлеміне саяхатқа шығып, онда түрлі кейіпкерлермен жолықты. Атап айтқанда, сүйікті мультфильм кейіпкерлері Қошқар мен Теке, Қоян, Аю, Қасқыр,Түлкі сондай-ақ Мыстан әжейді де кездестірді.Балалар осы кейіпкерлермен «Шатасқан ертегілер» ойыны арқылы қаншалықты ертегілерді білетінін көрсетсе, «Қырықаяқ» ойын-жаттығуы арқылы көңілдерін де көтеріп алды. Бүлдіршіндер «Кім жүйрік», «Көбелекті ұста» сияқты қимылды ойындарды ойнап жылдамдықтары мен ептіліктерін байқатты. Ертегілер еліне жазғы саяхат балаларды бір серпілтіп, жаз мезгілінің көңілді өтіп жатқанын көрсеткендей. Балалар ойын-сауыққа қызығушылық танытып, ертегі кейіпкерлерімен суретке түсіп жақсы көңіл күймен іс шараны аяқтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар