Новости

kids read

Вторник, 22 Ноябрь 2016   |   Прочитано 565 раз

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Айналайын бөбекжайы» КМКҚ-да көптеген іс-шаралар жүргізілді

2016 жылдың 22 қараша 15 желтоқсан аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Айналайын бөбекжайы» КМКҚ-да көптеген іс-шаралар жүргізілді:

-22 қараша «Мемлекеттік рәміздер» күні деп белгіленіп, «Арман» мәдениет үйімен бірлесе отырып, «Көк байрағым желбіресін көгімде» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Бұл шара барысында балаларға кітап көрме ұйымдастырылып, көрнекі түрде ел рәміздері жайлы түсінік берілді. «Золотой ключик», «Балдәурен» ересек топ тәрбиеленушілері рәміздер жайлы жаттаған тақпақтарын айтып, Әнұран орындады.

-24 қараша күні «Мемлекеттік тіл» деп белгіленіп, балабақшадағы «Көңілді ағылшын тілі» үйірмесінің мүшелерімен үйірме жетекшісі А.Ахантаеваның және орыс тілі оқытушысы Ш.Псанбаеваның ұйымдастыруымен «Үш тілдің патшалығы» атты интеллектуалды ойындар өткізілді.

-2 желтоқсан «Отбасылық құндылықтар» күні аясында «Болашақ» Монтессори тобы тәрбиеленушілері ата-аналарының қатысуымен «Мектепке дейінгі жастағы балаларға отбасында патриоттық адамгершілік тәрбиесін беру» тақырыбында дөңгелек үстел жүргізілді.

-5 желтоқсан күні «Спорт жетістіктері» күні деп белгіленіп, балаларды салауатты өмір салтына баулуға, спортқа деген қызығушылығын арттыруға арналған іс-шараға арналды. «Айгөлек», «Жұлдыздар» ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен және тәрбиешілермен бірге дене тәрбиесі нұсқаушысы А.Ибадулланың ұйымдастыруымен «Біз спортты сүйеміз» атты спорттық жарыс өткізілді. Спорттық ойындардың бірнеше түрлері ойналды. Атап айтқанда, межеге жеткізу, батпақтан-батпаққа секіру, қаппен секіру, арқан тартыс және т.б.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар