Новости

kids read

Пятница, 02 Октябрь 2020   |   Прочитано 296 раз

Ата аналар конференциясы

«Отбасылық әдеттер: біздің қарым-қатынасымызды қалай нығайтуға болады?»

Отбасы- сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы,зиялы қоғамның діңгегі.Отбасы- адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын адамның ең басты шаттығы болып саналады.Ата-ананың сүйіспеншілігі баланың рухани қасиеттерін байытады.Осы бағытта 29.02.2020 жылы «Айналайын» балабақшасында «Отбасылық әдеттер:біздің қарым-қатынасымызды қалай нығайтуға болады» деген тақырыпта ауқымды, тәрбиелік мәні зор конференция болып өтті.Конференцияға барлық топ тәрбиеленушілерінің 60-қа жуық ата-аналары қатысты.Конференция екі бөлімнен тұрды. Бірінші теориялық бөлімде балабақша меңгерушісі Мунира Құлымбетқызы 2019-2020 оқу жылындағы балабақша жұмысының басым бағыттарына тоқталды. Ол бойынша атқарылып отырған жұмыстарға тоқталып, топ тәрбиешілерінің дайындаған көрме материалдарын таныстырды.Одан кейін конференцияның негізгі тақырыбына, отбасында қалыптасқан ерекше әдеттердің бала өміріне қалай әсер ететіндігі жөнінде айтып, түсіндірме жұмыстар жүргізді.

Екінші практикалық кезеңді әдіскер Индира Тоқсанбаева ата-аналармен және тәрбиешілермен бірге жүзеге асырды. Ата-аналар сәлемдесіп алғаннан кейін, көңілді әуенмен «Бақытты отбасылар көшесіне» саяхат жасады. Саяхат барысында олар отбасындағы қалыптасқан түрлі әдеттерді көріп тамашалады. Жас ерекшелігіне қарай топтардың тәрбиеленушілерінің ата-аналары мен тәрбиешілері түрлі әдіспен әдеттерді көрсетті.

2 - 3 жас аралығындағы кіші топ тәрбиешілері мен ата-аналар отбасында қалыптасқан «Ұйқыашар», яғни балаларды ұйқыдан ояту әдеттерін көрсетті. Бұл жерде конференцияға қатысушылар әжесінің немересін еркелетіп оятатыны, анасының мамық үкімен қызының бетін, қолдарын сипау арқылы оятуға болатынын тамашалады.

   3 - 4 жас аралығындағы ортаңғы топ тәрбиешілері мен ата-аналар отбасында қалыптасқан «Жексенбілік таңғы ас» әдетін көрсетті . Отбасы мүшелері толық жиналатын жексенбінің арайлы таңында тәтті бәліштер пісіріліп, барлық отбасы мүшелері ақ дастархан басына жиналып, шүйіркелесіп, ата-әжелерінен бата алып қана қоймай, бұл күнді ерекше көңілді өткізу үшін отбасы мүшелерінің біреуінің туылған күнін тойлау әдетке айналғанын шағын көрініспен бейнеледі.

3 - 5 жас аралығындағы аралас топ тәрбиешілері мен ата-аналар «Қайырлы түн» әдетінің , яғни отбасында баланы қалай ұйқыға жатқызу болатынын көрсетті. Бұл көріністе баланың әр саусақтарын сүю арқылы аналық махаббатын жеткізіп, «сен менің өмірімнің қуат көзісің, мәнісің» деп кішкентай бала жүрегіне сенім ұялатып, ертегі айтып, ана әлдиін әндетіп ұйқыға жатқызған әдемі көріністі тамашаладық.

4 - 5 жас ересек топ тәрбиешілері мен ата-аналар баланы жастайынан еңбек әрекетіне қалай баулуға болатынын көрсетті. Бұл топ тәрбиешілері мен ата-аналары бірлесіп, отбасындағы балалармен бірлесіп жасалатын еңбек әрекеттерін әуен ырғағымен көңілді етіп тамашалауға мүмкіндік берді.

5-6 жас мектепалды даярлық топ тәрбиешілері демалыс күндерін бірге өткізуге болатын әдеттер бойынша ата-аналардың жасаған жиналмалы кітапша, альбомдарын таныстыра отырып , таза ауада табиғат аясына шығып, балық аулау, көңілді ойындар ойнап та бірге демалыс уақытын өткізуге болатынын қойылым арқылы көрсетті.

Осылайша практикалық бөлім аяқталды.

«Осындай кішкене ғана бір бірімізге деген жылы көңіл отбасының іргетасы берік, мықты болуына ықпал етеді. Бақытты отбасын біз өзіміз жасаймыз». Бұл конференциямыздың негізгі түйіні болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар