«Айналайын» балабақшасының РФ Санкт-Петербург қаласындағы №32 балабақшасымен кезекті өзара желілік қарым-қатынасы Ресей мен Қазақстан еліне арналды. Екі балабақша арасындағы байланыс үш жылдан бері жүргізіліп келеді. Міне, екі балабақша тәрбиеленушілері бір-біріне өз елдерін таныстырып келсе, бұл жолы тәрбиеленушілер кездесулер барысында танысқан елдерін сипаттап берді. «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушілері «Ресей балалар көзімен» тақырыбында әңгімелеп берсе, Ресейлік жас достар «Қазақстан біздің көзімізбен» тақырыбында әңгімеледі. «Айналайын» балабақшасының балалары Ресей елінің табиғат әлемі жануарлар дүниесі,көрікті жерлері, Туы жайлы айтып берді.Музыкалық шығарманы оркестрде орындап берді. Ресейлік жас достар Қазақстан жерінің кең байтақтығын, әсемдігін, табиғатын, жануарлар дүниесін әңгімелеп берсе, Қазақстанның мақтанышы Байқоңыр, жас астана Нұр- Сұлтан қаласы жайлы да айтты. Тіпті қазақтың ұлттық биін де билеп берді. Екі елдің бүлдіршіндері арасындағы достық жалғасын таба бермек.