Наурыз мерекесіне арналған апталық барысында "Золотой ключик" мектепалды тобының тәрбиешілері Ж.Мырзахметова мен Ұ.Исламова "Ұлттық киім-ұлт бейнесі" атты ата -аналармен бірлескен іс шара өткізді. Ата-аналар балаларға сәукеле, қамзол,тақия сияқты ұлттық киімдердің жасалу жолдарымен таныстырды. Балалар ұлттық киімдерден сән үлгілерін көрсетті.