Новости

kids read

Вторник, 13 Май 2025   |   Прочитано 7 раз

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті «Көкшоқы» мөлтек ауданы   Ә.Палымбетов көшесі №5 құрылысында орналасқан  «Қызылорда облысының білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжай-бақшасы»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2025 жыл05 мамыр-2026 жыл 05 мамыр аралығындағы уақытша 1 (бір) бос тәрбиеші  лауазымының орнына конкурс жариялайды

: 8(72432)25240, 8(72432)25242;

ainalainbaby@mail.kz

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжаты болуы тиіс.

   педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі керек:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу;

  • жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке  

                 көзқарасты жүзеге асыру;

  • перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;

  • тәрбиеленушілердіңмемлекеттікжалпыға міндетті білім беру   

                 стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және  

                  дағдыларды алуын қамтамасыз ету;

  • ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты 

                  жүзеге асыру;

  • әдістемелік жұмысқа қатысу;

  • балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 

                балалардың дамуына диагностика жүргізу;

  • білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

  • кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім     беру  ресурстарын қолдану;

Лауазымдық міндеттері:

  • балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

  • режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;

  • балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

  • дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

  • қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

  • мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

  • мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

      мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер,    педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

  • отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;

  • мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне және біліміне қарай (экологиялық  және ауылдық коэффициентті қоспағанда) 152761-161980теңге аралығы

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

  1. ҚР Оқу ағарту министрінің №57 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

    10) ҚР Оқу ағарту министрінің №57 бұйрығының 12,13 қосымшаларына  сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат

  Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жариялағаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде (16мамыр сағ. 18-00-ге дейін) «Қызылорда облысының білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжай-бақшасы»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында қабылданады.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды.

Конкурс жайлы қосымша ақпаратты  жоғарыда көрсетілген байланыс телефондары арқылы білуге болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар