Балабақшадағы «Таза қол» негіздерін оқып-үйрету, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес 15 қазан Дүниежүзілік таза қол күніне арналған «Таза қол-денсаулық кепілі» атты акция ұйымдастырылды. Акция мақсаты: Қолды жуудың тиімділігін,салаутты өмір салтын насихаттай отырып балалар арасында жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Балалардың өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту;
- Аурудың алдын алу жайлы білімдерін кеңейту;
- Қол жуудың тиімділігін түсіндіру арқылы насихаттау;
- Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы қызығушылығын арттыру.
Акция 3 кезеңнен тұрады. Дайындық кезеңі,жүзеге асыру кезеңі, қорытынды кезеңі.акция барысында төмендегідей іс әрекеттер жүргізілді.
- «Таза қол-денсаулық кепілі» атты парақшаларды дайындауға қатыстыру
Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтауды насихаттау.
- «Сабын не үшін қажет,оның жасалуы» тәжірибе жасау арқылы сабынды дайындау.
Мақсаты: тазалық жайлы білімдерін кеңейте отырып, танымдық қызығушылығын арттыру.
- «Тазалық үшін не қажет?» дидактикалық ойындар ұйымдастыру.
- Әр топтың ұран сөздерін дайындау
- Тазалық,денсаулық жайлы тақпақтар мен мақал-мәтелдер жаттату.
- «Балаларға қол жууды қалай үйретуге болады?» ата-аналар үшін жиналмалы буклеттер мен кітапшалар дайындау
- «Тазалықтың досы,сабын деген осы» ересек топ тәрбиеленушілерінің кіші топтардағы түсіндірме жұмыстарын жүргізуі.
- «Біз тазалықты сүйеміз» атты балабақша тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің бірлескен іс шарасы.
- «Таза қол-денсаулық кепілі» атты парақшаларды тарату.
Акцияға тәрбиеленушілер мен қызметкерлер қызығушылықпен қатысты.
КМҚК әдіскері: И.Тоқсанбаева