Новости

kids read

Понедельник, 09 Апрель 2018   |   Прочитано 889 раз

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын талқылау

2018 жылдың 19 қаңтар күні «Айналайын бөбекжайы» КМҚК қызметкерлерінің жалпы жиналысында балабақша педагогтары ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын талқылады.

Жиналыстың басында өзара желілік қарым-қатынас жасайтын Астана қаласындағы №24 «Айналайын» балабақшасы қызметкерлерінің жіберген эстафетасының бейне сюжеті тамашаланды. Балабақша меңгерушісі осы эстафетаның қабылданғаны және өз кезегінде ұжымда бүгін талқыланатыны жайлы айтты.Балабақша меңгерушісі Мунира Құлымбетқызы 2018 жылдың 10 қаңтарда Елбасының халыққа Жолдауының ерекшелігін айтып тоқталды. Жолдаудың 10 негізгі міндеттерін слайд түрінде түсіндіріп тоқталды.

Меңгерушінің түсіндірме жұмысынан кейін талқылау жүргізілді. Балабақша педагогтары Президент Жолдауына қатысты піеірлерін ортаға салды. Алғаш болып бөбекжай педагог-психологы Ашимова Зоя:

Мен Елбасының жолдауын қолдаймын, әсіресе екінші міндетте , тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керек.Осоныншы міндеы және басқа да шаралар заңнамаға, соның ішінде Экологиялық кодекске өзгерістер енгізуді талап етеді делінген. Болашақ ұрпағымыз үшін экологиялық тазалық мәселесі өте маңызды. Осы бағытта жүргізілетін шараларды қолдайтынымды білдіргім келеді.

Одан соң тәрбиеші Зинковская Наталья:

Мен білім беру саласында жұмыс істеп келе жатқандықтан мен үшін жетінші міндет маңызды болды. Білім беру саласындағы үштілділік мәселесіне келсек, шын мәнінде жаһандық әлемде өмір сүріп,жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеру қажет-ақ. Бұл жұмыстар мектеп жасына дейінгі балалардан бастап жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт бойынша айтатын болсам, дені сау ұрпақ-ел болашағы,сондықтан балалардың денсаулығы ерекше назарда болу керек.Бұл бағытта балабақшамызда   денсаулық сақтау технологиясы қолданылып,түрлі шынықтыру шаралары жүргізіліп жатқанын айтуға болады. Елбасы Жолдауын толықтай қолдайтынымды білдіргім келеді.

Өз пікірін Монтессори топтың тәрбиешісі Тоқсанбаева Айгерім былай жалғастырды:

Биылғы Елбасының Жолдауының ерекшелігі, он жаңа міндеттер қойылып отыр.Соның ішінде мен «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт үшін» оныншы міндетке тоқталғым келіп отыр. Биыл баршамыздың ортақ мақтанышымыз Астана қаласына 20 жыл толғалы отыр. Осы міндетте көрсетілген «Смарт Сити» тұжырымдамасы Астана қаласының тәжірибесі негізінде эталонды стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында таратуы көзделіп отыр. «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың,еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын артырудың локомотивтеріне айналады делінген.Бұл әрбір қазақстандық үшін тұрмыс сапасын жақсартуға жағдай жасалады деген сөз. Әрбір қазақстандық үшін бұл Жолдау маңызды деп ойлаймын.Мен Елбасы Жолдауын қолдайтынымды білдіргім келеді.

Талқылаудан соң балабақша қызметкерлері балабақша ауласына шығып, Елбасы Жолдауын қолдайтындықтарын білдіріп, Астана қаласындағы әріптестерге сәлем жолдай отырып, шар ұшырып жіберді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар