Новости

kids read

Вторник, 09 Июль 2019   |   Прочитано 758 раз

«Жайнай бер, жасай бер Қазақстан!»

Елорда күніне орай «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушілері әсем әнді әуелетіп, патриоттық әндер фестивалін тарту етті. Фестиваль мөлтек ауданда орналасқан «Арман» мәдениет үйімен бірлесе өткізілді. «Арман» мәдениет үйінен келген әнші ағаларынан үлгі ала отырып, бүлдіршіндер Отан, туған жер жайлы әндерін шырқады. «Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Мұқан Лазымның орындауында «Астанам», «Қошақан» тобының тәрбиеленушісі Қуандықов Ғазалидің орындауында «Қазақстан», «Познайка» тобының тәрбиеленушісі   Жомарт Жансеріктің орындауында «Мен қазақпын», «Балдәурен » тобының тәрбиеленушісі Әзімхан Айарудың орындауында «Туған жер», «Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Әбілда Ерленнің орындауында «Мен қазақпын» әндері орындалып фестиваль соныңда «Әрқашан күн сөнбесін!» әнімен аяқталды.Фестивальға қатысушы тәрбиеленушілерді «Арман» мәдениет үйінен келген әншілер балалардың өнеріне ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Кішкентай бала жүрегінен шыққан Отанға деген махаббатын әсем ән арқылы жеткізген бүлдіршіндер ән фестиваліне қызығушылықпен қатысты.

Утеулиева Ж- музыка жетекшісі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар