Новости

kids read

Пятница, 30 Декабрь 2016   |   Прочитано 663 раз

Балабақшамыздың барлық топтарында жаңа жылды қарсы алу ертеңгіліктері болып өтті

2016 жылдың желтоқсан айының 7-30 жұлдызы аралығында балабақшамыздың барлық топтарында жаңа жылды қарсы алу ертеңгіліктері болып өтті. Ертеңгілікті І кіші топтар Балапан «Қош келдің, жаңа жыл!», Қонжықтар   «Армысың, жаңа жыл!», Құлыншақ  «Жасыл шырша жанында» тақырыбында бастады. І кіші топ бүлдіршіндерінің алғашқы ертеңгілігі болғандықтан, балалар да, ата-аналар да  белсенді араласып, өте қызықты болып өтті. Ары қарай «Балғын бөбек», «Қошақан» ІІ кіші топтары жалғастырды. Ортаңғы топтар «Жұлдыздар», «Айгөлек», «Болашақта» да тәрбиешілердің шеберлігінің арқасында өте жоғары деңгейде болып өтті.  Ертеңгілік барысында ғажайып сәттерге түрлі кейіпкерлер келіп, мерекені жандандыра түсті. «Балдәурен», «Золотой ключик» ересек топтарының тәрбиеленушілері өздерінің өте белсенділік танытып, жан-жақты  қырынан таныла білді. Барлық ертеңгілікте Аяз ата мен Ақшақарға балалар қатты қуанып, әкелген сыйлықтарын алып, мәз болысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар