Новости

kids read

Пятница, 02 Октябрь 2020   |   Прочитано 333 раз

Масленица

«Айналайын» балабақшасында 20 ақпан күні орыс халқының Масленица мерекесі аталып өтті. «Ягодка» тобының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен өткен бұл шарада ұлттық мерекенің тойлану ерекшелігін көрсетті. Түрлі ұлт өкілдерінің балаларының арасындағы татулық пен ұлттық салт дәстүрге құрмет бүгінгі мерекелік шарадан байқалды. Бұл шараға ата-аналар да белсене атсалысты. Қыс мезгілін шығарып салып, жайма шуақ көктемді қарсы алатын мерекеде ұлттық әндер, билер, ойындар ойналып жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл сыйлады. Мерекелік шараға тек орыс ұлтының балалары ғана емес, қазақ ұлтының балалары да қатысты. Көңілді мерекелік шараға Қызылорда облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Шиелі ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Садуақасова Гүлнұр Маратқызы қатысып, өзінің ризалығын білдірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар