Новости

kids read

Вторник, 17 Ноябрь 2020   |   Прочитано 329 раз

Астанамен өзара желілік қарым-қатынас

«Айналайын» балабақшасы мен Нұр-Сұлтан қаласының №24«Айналайын» балабақшасымен кезекті өзара желілік қарым-қатынасы 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне арналды. Бұл кездесуде екі балабақшаның бүлдіршіндері Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы орыс тіліндегі жыр шумақтарын, қазақ тіліндегі көркем сөздерді айтып, әуелі әсем әнді де шырқады. Жыр шумақтар мен көркем сөздерде Президентіміз Қазақстанның атын әлемге паш еткендігі, елдің өркендеуіне қосқан үлесі, көптеген жұмыстарды атқаруда бар күш жігерін жұмсағандығы туралы мақтан етті. Кішкентай бүлдіршіндер өз елін, жерін сүйетін патриот, білімді, азамат болуды, Елбасына ұқсауды арман ететінін айтты. Кездесудің соңы Нұр-Сұлтан қаласының №24 «Айналайын» балабақшасы бүлдіршіндері Қазақстан картасына қолтаңбаларын қалдырып, эстафета ретінде жолдады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар