Новости

kids read

Вторник, 31 Январь 2017   |   Прочитано 829 раз

«Айналайын бөбекжайы» КМКҚ-да «Мектепке дейінгі оқытуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі онкүндігі болды

2017 жылдың қаңтар айының  16-31 аралығында «Айналайын бөбекжайы» КМКҚ-да «Мектепке дейінгі оқытуда  инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі онкүндігі болды. Мақсаты: жаңаша әдіс-тәсілдерді оқу қызметінде қолдану. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері 5 білім беру саласы бойынша әр түрлі оқу қызметтерінен өтілді. Оқу қызметтері әдістемелік жағынан дұрыс құрылған. Тәрбиешілер түрлі жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана алды. Атап айтсақ, АКТ технологиялары, денсаулықты нығайту технологиялары, ойын технологиясы, ТРИЗ технологиясы. Балалар оқу қызметі барысында Воскобовичтің «Күлгін орманы», «Коврограф ларчик» кілемшесі, Кьюйзенер таяқшалары, Сиқырлы қалам, интерактивті тақтада қарындашпен жұмыс жасау икем-дағдыларының қалыптасқанын байқатты.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар