Новости

kids read

Пятница, 10 Февраль 2017   |   Прочитано 1107 раз

«Балапан», «Қонжықтар», «Құлыншақ» І кіші топтарымен «Қуыршақтар балаларда қонақта» атты музыкалық-спорттық ойын сауық өткізілді

Балабақша жоспарына сәйкес 2017 жылдың 10 ақпан күні «Балапан», «Қонжықтар», «Құлыншақ» І кіші топтарымен «Қуыршақтар балаларда қонақта» атты музыкалық-спорттық ойын сауық өткізілді. Мақсаты: бүлдіршіндердің әнге, биге деген қызығушылығын арттыру, ортаға бейімдеу, бірлесіп ойнауға дағдыландыру. Ойын-сауық барысында балалар музыка оқу қызметінде үйренген хороводтарын, әндерін орындады. Қызықтыру сәтінде қуыршақтардың үйіне қонаққа барып, олармен көптеген қимылды ойындар ойналды. Арасында «Гүлдерді иіскейміз» тыныс алу жаттығуы орындалды. Қимылды ойындар «Қасқыр мен қояндар», «Көңілді жасырынбақ», «Сылдырмақты сылдырлат» ойналып, массажды жолдар қолданылды. «Біз көңілді баламыз», «Бір оңға, бір солға», «Қуыршақтар» әні орындалды. Балалар қызығушылық танытып араласты. Соңында қуыршақтар мадақтау ретінде балаларға тәттілер таратты.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар