Новости

kids read

Понедельник, 29 Апрель 2024   |   Прочитано 40 раз

Менің отбасым-менің тірегім

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру барысында және ата-аналармен серіктестікті нығайту мақсатында балабақшада "Менің отбасым-менің тірегім" атты фестиваль ұйымдастырылды.Фестивальдің алғашқы күні әр топта "Ізгі тілектер себеті"бұрышы ұйымдастырылып, әр ата-ананың, әр отбасының жылы лебіздерін қабылдаудан басталды. Фестиваль барысында ортаңғы топ тәрбиеленушілерінің ата-аналары отбасындағы сүйікті ойындарын ұсынып, топта балаларды ойнатты. Балалар қимылды, үстел үсті ойындарын ойнап күндерін көңілді өткізді. "Познайка", "Болашақ" топтарында "Күз кереметі" тақырыбында балалармен бірлескен шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Спортқа деген отбасылық қызығушылықтарын қолдау мақсатында ересек топ тәрбиеленушілері мен ата-аналары арасында жасыл алаңда спорттық отбасылық тимбилдинг өткізілді.Түрлі спорттық ойындар ойнау барысында достық, жолдастық, бір біріне көмектесу сияқты жақсы қасиеттер байқалды. Кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыруда үлкендердің рөлін арттыру үшін мектепалды топ тәрбиеленушілерінің ата-аналары үй жағдайында "Отбасымен бірге оқимыз" атты бейнероликтер дайындап, "Ертегілер еліне саяхат" атты викторинаға қатысты. "Жұлдыздар" мектепалды тобының ата-аналарымен педагог-психолог З.Ашимова ата-ана-бала қарым-қатынасы бағытындағы тренинг -жаттығулар, арт студияда құм терапиясын өткізді. Іс шараларға қатысқан барлық ата-аналарға Алғыс білдіреміз! Отбасы-мемлекетіміздің тірегі десек , біз де белсенді, шығармашыл, спорт сүйер, кітап құмар, татулықты паш еткен отбасыларымызды мақтан етеміз!

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар