Новости

kids read

Понедельник, 29 Апрель 2024   |   Прочитано 51 раз

Біз мектепке барамыз!

Баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың күш жігерін біріктіру мақсатында мектепалды топ ата-аналарымен "Біз мектепке барамыз!" атты ата-аналар клубының отырысы өткізілді. "Баланың мектепке дайындық критерийлері" тақырыбындағы отырыста балабақша психологы З.Ашимова, логопед Қ.Биім, мектепалды топ тәрбиешілері Г.Құрманғалиқызы, Г.Әлиева, Ж.Мырзахметовалар ата-аналармен жұмыс түрлерін ұйымдастырды.
Психолог Зоя Ашимова "Баланың мектепке психологиялық дайындығы" жайлы сөз алып, баланың танымдық процестерін дамыту бағытындағы әдістерге тоқталды.
Логопед Биім Құндызай "Баланың сөйлеу мәдениеті" тақырыбында сөз алып, балалардағы дыбыстық бұзылыстарды түзету жаттығуларын көрсетті.
Мектепалды топ тәрбиешілері сауат ашу, математика негіздері, қоршаған ортамен таныстыру бойынша үй жағдайында балалармен ойналатын ойын түрлерін практикалық түрде көрсетті.
Отырыс соңында ата-аналарға бүктеме кітапшалар таратылып, мектепалды топтардың тәрбиеленушілерінен алынған экспресс диагностика қорытындысы түсіндірілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар