Новости

kids read

Понедельник, 29 Апрель 2024   |   Прочитано 81 раз

Thrive by five Kazakhstan

Бүгін «Айналайын» балабақшасының базасында «Thrive by five Kazakhstan» («Беске дейін үлгер») жобасының жетекшісі Ерлан Утеулин ата-аналармен кездесу өткізді. Бұл жоба Австралиядағы Minderoo қорымен, Оқу ағарту министрлігімен,Балаларды ерте дамыту институтымен,Ұлттық Білім академиясымен бірлесіп жүзеге асуда. Жобаның мақсаты - 0-5 жастағы балалармен араласатын ересектерге балалардың ерте дамуындағы маңыздылықты жеткізу. Кездесуге осы жоба аясында жасалып жатқан мобильді қосымшаның сынама нұсқасымен алдын ала жұмыс жасаған ата-аналар қатысты. «Айналайын» балабақшасынан 5 ата-ана және «Шұғыла» жеке балабақшасынан 3 ата-ана мобильді қосымшаның сынама нұсқасымен жұмыс жасап, кері байланыс берді.
Кездесу 3 бөлімнен тұрды:
1. Фокус группамен жұмыс (мобильді қосымшаның мазмұны жайлы сұрақ-жауап, қосымшаның техникалық жағынан қосылу)
2. Еркін пікір алаңы. Кофе-брейк
3. Жеке интервью
Кездесуге ZOOM платформасы арқылы Австралиядағы Minderoo қорының мамандары, Сидней Университетінің ғалымдары қосылып, ата-аналармен пікір алмасты. Ата-аналар мобильді қосымшаның тиімді жақтары, өздеріне алған қосымша ақпараттар, баламен қарым-қатынаста қолдануға болатын кеңестер жайлы айта отырып, қосымшаны жетілдіруде өз ұсыныс пікірлерін білдірді.
Жоба жетекшісі Ерлан Утеулиннің ойынша ата-аналар жақсы кері байланыс жасады. Алдағы уақытта да осы сынама нұсқа бойынша жұмыстар жүргізіліп, ата-аналардан кері байланыс алынып отыратынын айтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар