Новости

kids read

Понедельник, 29 Апрель 2024   |   Прочитано 34 раз

Жаңа жыл

Жаңа жыл – барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді мерекелердің бірі болса, балалар үшін ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мереке. Желтоқсан айының 12-29 күндері әрбір топ өздері белгіленген күндеріне сәйкес «Төрле, төрле, Жаңа жыл!» атты ертеңгіліктерін өткізді.
Әсем безендендірілген шырша мен зал іші, шаттық әуен балаларға мерекелік көңіл-күй сыйласа, Мыстан, Қоян, Ұлу, Түлкі, Үкі сияқты ертегі кейіпкерлері ертеңгілікті одан әрі қызықты ете түсті. Ал көптен күткен Аяз Ата мен Ақшақардан сыйлық алу- балалар үшін ғажайыпқа толы сәт болды. Балалар таныс ертегі желісімен құрылған ертеңгілік барысында ән салып, би билеп, жыр шумақтарын айтып қана қоймай, ертегі кейіпкерлерін де сомдап шықты.
«Ягодка» тобы қысқы орманда Кай мен Гердаға көмектессе, «Балдәурен» тобы ұшаққа мініп жаңа жылдық саяхат жасаса, «Золотой ключик» тобы Лапландияда жаңа жылдық мерекені өткізіп, арнайы терминалдан Аяз атаның сыйлығын алу үшін есептер шығарып білімдерін де көрсете алды. «Жұлдыздар» тобы Рапунцель қыздың арманын орындаса, «Айгөлек» тобы көңілді мерекені циркте өткізді. «Познайка» тобы Аяз Атаның қолғабын тауып беруге көмектессе, «Болашақ» тобы Жаңа жыл мерекесінің сиқырлығын көрсетті. «Қошақан» тобы Күлмес ханшайымның көңілінен шығу үшін бар өнерін салды. «Балғын бөбек», «Құлыншақ» топтары Аяз атаға хат жазып,мерекеге шақырып өз өнерлерін көрсетті.
Мерекелік ертеңгілік тек көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай , ертегі қойылымдарында балаларда достық, мейірімділік, жылулық, жанашырлық сияқты адмгершілік сезімдері жайлы түсінік қалыптасты. Ал «Балапан», «Қонжықтар» топтарындағы ең кішкентай бүлдіршіндеріміз балабақшадағы алғашқы ертеңгіліктерінде Аяз Ата мен Ақшақарды ортаға алып, көңілді би билеп, шырша шамын жағып, сыйлықтарын алып мәз болды.
Таңғажайыпқа толы мереке балаларға қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жаңа жыл әрбір отбасына берекесімен, жылулығымен, мол шапағатымен келе берсін!

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар