Новости

kids read

Четверг, 14 Сентябрь 2017   |   Прочитано 1553 раз

«Менің отбасым» жобасы

2017 жылдың 4-14 қыркүйек аралығында «Менің отбасым» атты жоба жүргізілді. Мақсаты:“отбасы” туралы ұғымды кеңейту, отбасы құныдылықтары жйлы түсінік беру, отбасы мүшелері арасында құрмет көрсетуге тәрбиелеу .

Міндеттері:

  • отбасы жайлы түсінікті кеңейту;
  • отбасындағы үлкендерді құрметтеуге,кішілерге қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу;
  • балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық  жұмыстарын жандандыру;
  • отбасы құныдылықтарын,қалыптасқан дәстүрлерді бала бойына сіңіруге ықпал ету;
  • балабақша мен отбасы жағдайында балалармен   бірлескен іс әрекетке ата-аналарды тарту.

Жоба аясында төмендегідей іс шаралар ұйымдастырылды. «Қошақан» , «Балғын бөбек», «Құлыншақ» І кіші топтарында «Отбасыма арналған сыйлық» тақырыбында шығармашылық  жұмыстар  жүргізілді. «Айгөлек», «Жұлдыздар», «Болашақ» ортаңғы топтарында «Менің тату отбасым» атты фотоколлаждар ата-аналармен бірлесе ұйымдастырылса, балалар «Менің отбасым» тақырыбында шағын әңгімелер құрады.  «Золтой ключик», «Балдаурен» ересек топтарында шежіре ағашын жасап балалар топта жеті аталарын таныстырды. «Балапан», «Қонжықтар» І кіші тобында педагог-психологпен бірлесе отырып «Анашымның қолдауы» тақырыбында ойын сауық өткізілді. Мақсаты:бейімделу кезеңінде балалаларға қолайлы жағдай орнату,ата-аналарға психологиялық көмек көрсету. Қорытынды іс шара ретінде 14 қыркүйек күні «Жүректен жүрекке» атты ата-аналарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Мақсаты:балабақшаның бір күндік тынысымен таныстыру,отбасы мен балабақша ынтымақтастығын нығайту.Ашық есік күні барысында топтың,балабақшаның жұмысымен танысты,балалардың ұйымдастырған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар