Новости

kids read

Пятница, 30 Сентябрь 2016   |   Прочитано 506 раз

«Айналайын бөбекжайы» басшылары жаңа 2016-2017 оқу жылының жоспарымен таныстырды

Жыл сайын оқу жылының басында ата-аналар үшін балабақшамызда ашық есік күні өтеді. Биыл да осы үрдіске сай 2016 жылдың 30 қыркүйегінде «Жүректен жүрекке» атты тақырыпта ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл күні барлық 12 топтың ата-аналары өз балаларының 1 күні қалай өтетінімен танысуға мүмкіндік алды. Күннің І жартысында таңертеңгі қабылдаудан бастап, таңғы жаттығулар, таңғы ас, оқу қызметтерін, балалардың әр дамытушы орталықтағы еркін ойындарын бақылай алды. Әрі қарай музыка залында ата-аналарға арнайы дайындалған балабақша өмірінен видеороликтер, суреттер көрсетіліп, «Айналайын бөбекжайы» басшылары жаңа 2016-2017 оқу жылының жоспарымен таныстырды. Кейбір ата-аналар түстен кейін келіп, тәрбиеленушілердің  ұйқыдан кейінгі шынықтыру шараларына, күннің ІІ жартысында жоспарлы түрде өтетін ойын түрлеріне куә болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар