Новости

kids read

Суббота, 19 Май 2018   |   Прочитано 635 раз

Желбіресін Жеңіс Туы!

2018 жылдың 2-11 мамыр аралығында жүргізілген «Желбіресін Жеңіс Туы» атты жобаның аясында балабақша тәрбиеленушілері,тәрбиешілері Шиелі аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірлесе отырып ардагер аталарымызға құрмет көрсетті.Ортаңғы және ересек топ тәрбиеленушілері «Тағзым» алаңына жиналып, ардагерлерге,Жеңіс күніне арналған жыр шумақтарын айтып,әндерін шырқады. Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. «Айгөлек», «Жұлдыздар» ортаңғы топтарының тәрбиеленушілері өздері жасаған бейбітшіліктің символы көгершіндерді Бейбітшілік мәңгі жасасын! деген тілекпен шарға байлап ұшырды.Шараға Шиелі аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Шаймерденқызы Махамбет қатысты.Одан кейін «Болашақ» Монтессори тобының тәрбиеленушілері, балабақша меңгерушісі Мунира Құлымбетқызы,тәрбиеші Айгерім Жаңабекқызы және «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Шаймерденқызы аудандағы соғыс ардагері Сәрсенбек Байжанов атамыздың үйіне барып кездесіп қайтты. Бүлдіршіндер өздерінің жыр шумақтарын арнап, ардагерлерге дайындаған ізгі тілекті хаттарын тапсырып, сұхбаттасты. Майдангер атамыздың ерліктері жайлы әңгімелерін тыңдап,суреттерін көріп тамашалады.Мұндай іс шаралар балалардың бойындағы Отансүйгіштік, үлкенді құрметтеу, адамгершілік сияқты қасиеттерді қалыптастырып, дамытуда үлкен маңызы бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар