Новости

kids read

Четверг, 21 Февраль 2019   |   Прочитано 518 раз

Шебер қолды бүлдіршіндер

2019 жылы ақпан айының 8-ші жұлдызы күні Астана қаласындағы №24 «Айналайын» балабақшасымен жоспарлы өзара желілік байланыс жүргізілді. Желілік байланыс «Шебер қолдар»тақырыбындаұйымдастырылды.Бұл жолы балабақша бүлдіршіндері өз шығармашылығын дәстүрден тыс әдістерді пайдалана отырып көрсетті. Асылбек Шәкірім «Эбру» суда сурет салу әдісімен келе жатқан көктемнің әсем көрінісін бейнелесе, Закирова Әсем балауызбен суреттің сиқырын аша білді.

Марат Айша мен Марат Айна сурет салудың оңай тиімді жақтарын таныстыра отырып, бірі целофанда сурет салу арқылы «Қызыл алманы» бастыру әдісімен пайдаланса, екіншісі мақталы таяқшаның көмегімен де түрлі бейнелерді салуға болатынын атап айтты. Аппликациядан Жұмағали Айзере «Шыршаның ойыншықтарын» мыжу әдісімен безендіре білді.Сонымен қатар қалдық заттар арасынан шанышқының көмегімен «Шырша» көрінісін Шәкірбекова Райана бейнеледі. Өзара желілік қарым-қатынастың кішкентай қатысушысы Беркімбаева Раяна «Шалғындағы балапан» көрінісін дәнді дақылдар көмегімен дайындады. №24 «Айналайын» балабақшасы бүлдіршіндер жұмысын тамашалап, тәжірибе алмасты.

Тоқсанбаева Айгерім- тәрбиеші

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар