Новости

kids read

Пятница, 02 Октябрь 2020   |   Прочитано 533 раз

Ата аналар клубы

«Айналайын» балабақшасында мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен «Біз мектепке барамыз» атты ата-аналар клубының отырысы өткізілді. Бұл отырыстың мақсаты жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепке дайындау мәселелері жайлы түсінік беру. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім жетілдіру курсынан өтіпкелген балабақшаның тәрбиешілері жаңартылған білім беру мазмұнына мақсаты мен міндеттеріне,4К моделіне тоқталып түсінік жұмыстарын жүргізді. Практика жүзінде көрсету үшін ата-анлармен жұмысты ары қарай сол мазмұнда ұйымдастырды. Тәрбиеші Құрманғалиқызы Гүлжанат ата-аналарды ортаға жинап музыкалық сәлемдесуді орындады. Одан кейін тәрбиеші Мырзаева Малика эмоционалды жағдайды қалыптастыру мақсатында педагог жетекшілігімен жүргізілетін «Жұбыңды тап» ойынды ойнатты. Содан соң ата-аналарға қалам мен дәптердің суреттері таратылып, сол оқу құралдары бойынша 2 топқа бөлінді. Топқа бөлінбес бұрын ширату ұйымдастырылды. Ата-аналарға «Баланың мектепке дайындығы дегенді қалай түсінесіз?» деген тапсырма беріліп, спикерлер сайланды. Ата-аналардан сайланған спикерлер өз топтарының жұмысын қорғап шықты.Осы жұмыстарды толықтыру үшін балабақша психологы Ашимова Зоя « Баланың мектепке дайындық критерийлері» тақырыбында , логопед- мұғалім Пірмахан Гүлназ «Мектепке дайындық кезіндегі баланың сөйлеу және фонематикалық қабілеті» тақырыптарында кеңес берді. Педагог-психологтың ұйымдастыруымен «Балаңыздың мектепке дайындығын қалай бағалайсыз?» атты экспресс тест жүргізілді. Сонымен қатар, ата-аналар «Үй жағдайында баланы мектепке қалай дайындауға болады» деген тақырыпта іс тәжірибемен бөлісті. «Балдаурен» тобының тәбиеленушісі Нұрлан Ердаулеттің анасы , «Золотой ключик» тобының тәрбиеленушісі Бахытбек Мединаның анасы өз іс тәжірибелерін суреттер арқылы көрсете отырып, бөлісті. Ата-аналармен жұмыс қорытындыланып, өткізілген клуб отырысы «Басбармақ» әдісі арқылы бағаланды. Қошемет ретінде үлкен отшашу жасады.
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар