Әке деген — Асқар тау
Әке деген — Асқар тау, Таудай биік талабы. Ұл-қызына қарайтын, Мейіріммен жанары. Бала тәрбиесінде отбасының басты орында тұратыны белгілі. Әсіресе әкелердің алатын орны ерекше. Әке әрбір отбасының темірқазығы, ұйтқысы, қорғаушысы және тірегі. Балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу, балалардың спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру мақсатында «Әке- асқар тауым» атты бейнероликтер фестивалі өткізілді. https://www.facebook.com/100029136731339/videos/pcb.1135842474063633/898301618620286
https://www.facebook.com/100029136731339/videos/pcb.1135842474063633/748164060670008
https://www.facebook.com/100029136731339/videos/pcb.1135842474063633/869721327894219
Бала тәрбиесінің алтын бесігі
Бала тәрбиесінің алтын бесігі-отбасы. Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерінің үлгісін көрсете білген. Осы орайда педагог-психолог З.Ашимова балабақша тәрбиеленушілері Мұхамеджан Алинұр мен Мұхамеджан Алиханды әжесінен ою оюды үйрену сәтінен бейне материал дайындаған болатын.
https://www.facebook.com/100029136731339/videos/445645811368485
Бақ берекем, құт мерекем әз-Наурыз
Бірнеше күнге созылған "Бақ берекем, құт мерекем әз-Наурыз " апталығы концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Концерттік бағдаплама балабақша қызметкерлері мен тәрбиеленушілері арасындағы ұлттық ойындарға ұласты. "Бес тас", "Асық ату","Арқан тартыс","Теңге алу" , "Тымақ ұру" сияқты ұлттық ойындар қызығушылықпен ойналды. Содан кейін педагогтер дайындаған "Бауырсақрагту" ұйымдастырылды. Апталық мазмұнды, тәрбиелік мәні бар, қызықты іс шараларға толы болды.
Баршаңызға Наурыз мейрамы құтты болсын! Ұлыс оң болсын!
https://www.facebook.com/100029136731339/videos/pcb.1191763765138170/3402633096693790
https://www.facebook.com/100029136731339/videos/pcb.1191763765138170/720217780300476
https://www.facebook.com/100029136731339/videos/pcb.1191763765138170/645155854406629
https://www.facebook.com/100029136731339/videos/pcb.1191763765138170/914825193615911
https://www.facebook.com/100029136731339/videos/pcb.1191763765138170/270788432745719
https://www.facebook.com/100029136731339/videos/pcb.1191763765138170/441563641769668
https://www.facebook.com/100029136731339/videos/pcb.1191763765138170/3303245596488962
© «Ясли-сад «Айналайын» 2016 | Разработка и техническая поддержка сайта - Интернет-студия Web Builder