Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 2019 жылдың қараша айында балабақша бүлдіршіндері арасында «Тәуелсіздік-ел бақыты» атты сурет көрмесін өткізді. Балалар дәстүрден тыс сурет салу әдістерін қолдана отырып, өз Отанына деген ыстық лебіздерін өз шығармашылықтарымен білдірді. Атап айтқанда, «Балдәурен» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Шопан Аянат Нұр-Сұлтан қаласындағы «Тәуелсіздік пен келісім сарайы» ғимаратының суретін салып, безендіргенін айтып берді. «Познайка» тобының тәрбиеленушілері Арыстанбекова Инабат пен Болатова Ақтоты Нұр-Сұлтан қаласындағы әсем ғимараттарды, биік үйлерді, желбірген туымызды майлы қаламмен, гуашь бояуларымен салғанын, суреттің мағынасын түсіндіріп берді. «Жұлдыздар» тобының тәрбиеленушісі Алмасова Айлина мен «Айгөлек» тобының тәрбиеленушісі Бөрібек Мадина Нұр-Сұлтан қаласының әсемдігін бейнелеп, жіптерді қиып жапсырып бейнелесе, «Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Қойшыбекова Нұрлыай бастыру әдісімен көпқабатты үйлерді, ғимараттарды бейнелеген. «Ягодка» тобының тәрбиеленушісі Тарабрина Ксения шашырату әдісімен Бәйтерек ғимаратын салса, Петрова Кира Туымызда бейнеленген шуақты күнді алақанмен бастыру арқылы салып, күннің шуағы барлығына жылу берсін деген ниетін білдірді.
Көрме соңында «Арман» мәдениет үйінің үйірме жетекшісі Баймырзаева Зухра мен көркемдік жетекші Роза Мизамбаева балалардың жұмысын жақсы деп бағалап, Алғыс хаттар тапсырды.