Жылда өткізілетін жоспар бойынша ақпан айында ата-аналар конференциясы болып өтті. Конференция «Мектепке дейінгі жастағы балалардың көркем-тілдік іс-әрекеті» тақырыбында өткізілді. 12 топ тәрбиешілері, балабақша педагог-мамандары, ата-аналар қатысты. Тақырып бойынша теориялық кезеңінде балабақша меңгерушісі М.Дүйсебаева мен әдіскері И.Тоқсанбаева сөз сөйледі. Дайындаған слайд бойынша көрнекі түрде теориялық мәлімет берілді. Тәжірибе бөлімінде тәрбиешілер әр жас ерекшелігіне сай тәжірибе жүзінде ойындар көрсетті. Атап айтсақ, Алиева Э., Филатова М., Тәшенова М., Абдрахманова Т. өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, бала тілін дамытуға арналған ойын түрлерін көрсетті. Бала тілін дамытуға арналған дидактикалық ойындардан көрме ұйымдастырылып, таныстырылды. Балабақша логопеді Г.Пірмахан, психологі З.Ашимова да бала тілін дамытуда өз жұмыстарымен бөлісті.