2017 жылдың 24.02-07.03 аралығында барлық топтарда 8 Наурыз мерекесіне орай ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгілікті І кіші топтар бастады. Балапан «Анама арналған сыйлық», Қонжықтар «Апатайым анашым», Құлыншақ «Ана-аса қымбатты жан!» тақырыбында өтті. Қызықтыру сәтінде Қуыршақ, «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері келіп, мерекені жандандыра түсті. ІІ кіші топтар Балғын бөбек «Аялайтын біздерді көп жасасын анашым», Қошақан «Әжем мен анама бас иемін», 3-5 жастағы Ягодка тобы «Ручки мамины целую», ортаңғы топтар Айгөлек «Біз өнерлі қыздармыз», Жұлдыздар «Ана-аса қымбатты жан», Монтессори топтары Болашақ «Аяулы анашым», Познайка «Пришла весна» атты тақырыпта жүргізсе, ересектер тобы Балдәурен «Мерекеңмен, анашым!», Золотой ключик топтарында «Моя мама лучшая на свете» тақырыптарында болып өтті. Тақырыптарынан байқағанымыздай, ертеңгілік желісі бір-біріне ұқсамайтын, түрлі тақырыпта жүрді. Ең бастысы, балалар түрлі мерекелік костюмдер киіп, өте көңілді өтті, соңында аналарына өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын тарту етті.