Биыл балабақшамызда 2 ересектер тобы балабақшамен қоштасты. Мамыр айының 23, 24 жұлдызында 2 топ «Балабақшамен қоштасу» мерекелік ертеңгілігін өткізді. Ертеңгілікті топ тәрбиешілері сценарийін ерекше етіп ойластырып ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер жыл бойы үйренгендерін осы қоштасу кешінде тәрбиешілерге, ата-аналарына көрсетті. Балалар қоштасу әдеби монтаждарын оқып, қоштасу вальсін биледі, кейіпкерлермен бірге ойындар ойналды. Соңында барлығы далаға шығып, шарларын әуеге ұшырып, тамашалады. Осылай мереке өте әсерлі аяқталды.