Новости

kids read

Понедельник, 26 Июнь 2017   |   Прочитано 1293 раз

Тілашар ата - аналар клубының отырысы

Бүгінгі таңда ата-аналармен серіктестік құрып, отбасы мен балабақша ынтымақтастығын нығайту мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі мақсаттарының бірі. Осы бағытта «Айналайын бөбекжайы» КМҚК-да түрлі бағыттағы ата-аналар клубы жұмыс жасайды. Солардың бірі «Тілашар» ата-аналар клубы. Қазіргі таңда балабақшада логопед-мұғалім Пірмахан Гүлназ психологиялық медициналық  педагогикалық консультация мекемесінің берген тұжырымдамасы бойынша 25 тәрбиеленушімен жеке,шағын топтық  жұмыс жасайды.Сәуір айында логопед- мұғаліммен түзету дамыту жұмыстары жүргізілетін тәрбиеленушілердің ата-аналарымен логпедиялық жұмысты таныстыру мақсатында ата-аналар клубының отырысы  болды.

«Тілашар» ата-аналар клубының мақсаты: ата-аналармен байланыс орната отырып бала тілінің дамуы мәселесі жайлы ата-аналардың педагогикалық білімдерін көтеру,ата-аналарға логопедиялық көмек көрсету.

Клуб отырысында балабақша  логопед-мұғалімі «Бала тілінде сөйлеу тіл кемістігінің пайда болу себептері» тақырыбында кеңес беріп,балалармен бірлесе лого массаж,зонд массаж,су-джок терапиясы сияқты жұмыс түрлерімен таныстырып практика жүзінде көрсетті.Ата-аналарға үй жағдайында қандай артикуляциялық және тыныс алу  жаттығуларын жасауға болатыны көрсетіліп,жадынамалар таратылды.Клуб отырысының соңында ата-анлар тарапынан сұрақтар қойылып,пікір алмасу болды.Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын таба береді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар