Новости

kids read

Понедельник, 23 Октябрь 2017   |   Прочитано 2712 раз

«Берекелі Алтын күз жобасы

2017 жылдың 23 қазан мен 13 қараша аралығында  «Берекелі Алтын күз» жобасы өткізілді.Мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктерін жан-жақты түсіндіру, алытн күз,қоңыр күз ұғымдарын кеңейту,балалардың шығармашылық,танымдық дағдыларын дамыту, көркем-эстетикалық тәрбие беру.

            Міндеттері:

  •  табиғаттағы өзгерісті байқауға үйрету, білімдерін кеңейту және байыту;
  • шығармашылық қиялының дамуына ықпал жасау;
  •  танымдық білімін кеңейту;
  •   табиғаттың сұлулығын көруге және оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу;
  •  ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту.

Өзектілігі

Табиғаттағы өзгерістер ағаштар, жапырақатардың түрлі түске боялуы, құстар, күзгі тіршілік –осының барлығы баланың назарын аударады. Соған сәйкес балабақшаның міндеті баланың танымдық қабілетін арттыра отырып, қайырымдылық, әдемілік сияқты адмазаттық құндылықтар әлеміне тарта отырып тәрбиелеу. Жоба аясында күздігүні табиғаттағы маусымдық өзерістерді байқауға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді,жан-жақты білімі кеңейеді.

Осы жоба аясында ІІ кіші топтарда «Алтын күз» тақырыбында лэпбуктар дайындалды.Балалар олар арқылы табиғат құбылыстарын , жыл мезгілінің ерекшеліктерін атап үйреніп,жұмбақтар шешті,тақпақтар айтты.

 Осы топтарда сонымен қатар ата-аналармен бірлесе отырып, «Күзгі қиял» тақырыбында шығармашылық жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге күзгі жемістер мен көкөністерден жасалған композициялар қойылды.  

Ата-аналар арасында «Туған өлкемнің күзгі пейзажы» тақырыбында фотосуреттер байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысқан ата-аналар ертеңгілік барысында марапатталды.

Күзгі мерекелер жас ерекшелігіне қарай топтарда әр түрлі тақырыпта өткізілді. ІІ кіші топтарда («Балғын бөбек», «Құлыншақ», «Қошақан», «Ягодка», «Познайка») «Күзгі бақ» тақырыбында өткізілсе, ортаңғы топтарда («Айгөлек», «Жұлдыздар», «Болашақ») «Қолшатырлар мерекесі» тақырыбында, ересек топтарда («Балдаурен», «Золотой ключик») «Ертегі желісі бойынша күзгі мереке» тақырыбында өткізілді. Ертеңгіліктер тақырыпқа сай өте тартымды қызықты өтті.Жоба аясында жоспарланған іс шаралар толық өз деңгейінде өтті.

КМҚК  әдіскері:                                                   И.Тоқсанбаева

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар