2018 жылдың 15-25 қаңтар аралығында балабақша жоспарына сай «Сезім мен шығармашылық әлемі» атты жоба жүргізілді. Жоба балалардың бойында сезім түсінігін қалыптастыру, эмоционалды-ерік сферасының үйлесімділігін дамыту,шығармашылығын дамыта отырып, қолайлы эмоционалды жағдай орнату мақсатында өткізілді. Сондай-ақ топта қолайлы эмоционалды жағдай орнату, балаларды өзінің ғана емес басқалардың да сезімін түсінуге үйрету, бала қиялы мен шығармашылығын дамытуға еркіндік беруге баулу болатын. Жоба аясында төмендегідей іс шаралар өткізілді:
- Топта қолайлы эмоционалды жағдай орнату мақсатында барлық топта «Көңіл күй бұрышы» жасалды.
- «Қошақан», «Балғын бөбек», «Құлыншақ» ІІ кіші топтарда «Көңіл күй үйшігі» атты ойын-жаттығуы жүргізілді. Балаларды өзінің ғана емес басқалардың да сезімін түсінуге үйрету мақсатында ұйымдастырылды.
- «Балапан», «Қонжықтар» І кіші тобында жағымды қарым-қатынас орнатуға арналған ырғақты қимылды ойындар. Бұл ойындар Музыка жетекшісімен бірлесе өткізілді.
- «Золотой ключик», «Балдаурен» ересек топтарында көңіл-күйге арналған ертегі терапиясы жүргізілді. «Балдаурен» тобында «Айсұлудың қорқынышты жеңуі» тақырыбында ертегі терапиясы өткізілді.
- «Көңілді смайликтер» тақырыбында балалардың шығармашылығын дамыту олардың дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдануына еркіндік беру мақсатында шығармашылық жұмыстар жүргізілді.
- ІІ кіші,ортаңғы және ересек топтармен «Біз көңілді баламыз» атты «Денсаулық» күні өткізілді.
- Бала қиялын дамыту мақсатында ортаңғы және ересек топтарда «Менің алғашқы ертегім» атты бала қиялынан туындаған алғашқы ертегі кітаптары жинақталды.
- Жобаның өнімі : топтағы «Көңіл-күй» бұрыштары, ертегі кітаптары,шығармашылық жұмыстар.