Новости

kids read

Понедельник, 09 Апрель 2018   |   Прочитано 868 раз

«Сиқырлы жаңа жыл» жобасы

Балабақшамызда 2017 жылдың 7-29 желтоқсан аралығында «Сиқырлы жаңа жыл» жобасы жүргізілді. Қысқа мерзімді жобаның негізгі мақсаты балалардың қыс мезгілі, оның ерекшеліктері жайлы білімдерін толықтырып, жаңа жылдық мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, мерекелік шыршаны безендіру жұмыстарына қызығушылықтарын қолдау. Жоба барысында барлық топтарда қыс мезгілі жайлы лэпбуктар жасалды. Лэпбук жасау кезінде әр топтың жас ерекшелігі ескерілді. Ата-аналардың қатысуымен мерекелік шыршалар көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелік шыршаны жасауда әр түрлі қалдық материалдар пайдаланылып, көрме жасауда ата-аналар аса қызығушылық танытты.

І кіші топ тәрбиешілері қысқы ойындар тақырыбында дидактикалық ойындар топтамасын дайындады. ІІ кіші топ тәрбиешілері ата-аналармен бірлесе отырып, «Қыс қызықтары» атты сюжетті суреттер топтамасын жасап шығарды. Ортаңғы және ересек топтарда «Аяз Атаның құттықтауы» ашық хаттар көрмесі жұмысы жүргізілді.Балалардың мереке жайлы, Аяз Ата мен Ақшақар жайлы түсініктерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған бұл жұмыс түрінде тәрбиешілердің көмегімен балалар өз қиялдарына ерік бере отырып, армандарын қағаз бетіне сурет арқылы түсірді.

Жобаның қорытындысы жаңа жылдық ертеңгіліктер болды. Ертеңгілік І кіші,ІІ кіші,ортаңғы,ересек топтарда өткізілді. Түрлі тақырыпта жүргізілген ертеңгіліктер желісі де біріне бірі ұқсамайды.Балалар әдеби монтаждар оқып, әсем әндер шырқап, түрлі тақырыпта билер биледі. Көңілді жаңа жылдық хороводтар да ертеңгіліктерге сән беріп тұрғандай көрінді. Балалардың мерекелік киімдері, көңілді музыка әр баланың мерекені сезінуіне бірден-бір себепші іспетті.Сценарийлердің бәрі өте жүйелі құрылған, балалардың мереке басында шығуы, ғажайып сәттер, Аяз атадан сыйлық алатын сәттер ұмытылмастай әсер қалдырды. «Сиқырлы жаңа жыл» жобасы аясында балалар қыс мезгілі, жаңа жыл мерекесі жайлы көп мәлімет алып, мерекені өткізудің өзіндік ерекшелігін ұғына білді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар